Ашық есік күні - 2026
«Мамандыққа жол: колледждегі дәстүрлі Ашық есік күні»
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының мектептерінің 9-сынып оқушылары колледжде ұйымдастырылған дәстүрлі Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында мектеп оқушылары оқу орнының мұражайын аралап, студенттердің техникалық шығармашылығы көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, оқу зертханалары мен шеберханаларымен, жатақханадағы тұрмыс жағдайларымен танысып, оқытушылар мен студенттерден өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Биылғы Ашық есік күні ерекше форматта – өндірістік оқыту шеберлерінің шеберлік сыныптары түрінде өтті. Бұл оқушыларға «мамандыққа қол тигізіп көргендей» әсер қалдырып, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға мүмкіндік берді.
2026-2027 жаңа оқу жылында біздің колледж 9-сынып негізінде келесі сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады:
- Дәнекерлеу ісі (электргазбен дәнекерлеуші)
- Ветеринария (жануарларды ветеринариялық өңдеу операторы, ветеринарлық техник)
- Орман шаруашылығы (орманшы)
- Ауыл шаруашылығын механикаландыру (техника жөндеу шебері, тракторшы-машинист)
Оқушылар дәнекерлеуші рөлінде өздерін сынап көрді, үй жануарларына екпе жасау процесін бақылап, қылқан жапырақты ағаштарды тұқымнан өсіруді үйренді. Сондай-ақ электрмонтердің электр сұлбасын қалай құрастыратынын көрді, тәтті коктейльдер мен десерттер дайындады.
Ең қызықты сәттердің бірі – колледж шеберлері мен жүргізу нұсқаушыларының жетекшілігімен автодромда тракторлар, комбайн, жүк және жеңіл автокөліктерді тәжірибелік жүргізу болды. Іс-шара соңында қатысушылар колледж асханасындағы түскі астың сапасын бағалап, студенттік өмірдің бір бөлігіне куә болды.
Ашық есік күні – оқушылардың кәсіби бағдарын айқындап, болашақ мамандығын таңдаудағы маңызды қадам. Колледж ұжымы ұйымдастырған мазмұнды бағдарлама жасөспірімдерге оқу орнының мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып қана қоймай, олардың қызығушылығын арттырып, саналы шешім қабылдауға жол ашты. Бұл – ересек өмірге жасалатын алғашқы әрі сенімді қадамдардың бірі.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Маржан Жеңісқанқызы