«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша апталық » «Үлкен Нарын колледжі»
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Үлкен Нарын колледжі"»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72341) 2-19-70
Есепші бөлімі:
+7(72341) 2-70-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша апталық
01
сәуір
2026

«Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша апталық

Ағымдағы жылдың 16-20 наурыз аралығында өндірістік оқыту шеберлері Қ.Нұргазин және А.Дюсембаевтың жетекшілігімен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша апталық өтті.
Бірінші күні апталықтың ашылу салтанатында тракторлар тарихы және колледждің оқу шаруашылығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ студенттердің өндірістік оқыту барысы туралы бейнематериалдар көрсетіліп, колледж студенттерін механизатор мамандығының ерекшеліктерімен таныстырды.
Екінші күні 3-курстағы тракторист-машинистер арасында WorldSkills элементтері бар шеберлік сайысы өтті. Бірінші орынды 12ТР-23 тобының студенті М. Мұратбек иеленді.
Үшінші күні колледж ішілік класс сағаты аясында еңбек ардагері – комбайншы Е.Шариповпен кездесу ұйымдастырылды. Ол өзіннің еңбек жолы, жұмыс кеізнде көрген қиыншылықтар, болған қызықты оқиға жайлы айтып берді. Содан кейін студенттер арасында «Мозаика» топтық ойыны, «Қара жәшік» ойыны және көрермендермен сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Төртінші күні 2-3-курстағы тракторист-машинистер арасында «Трактор биатлоны» атты практикалық байқау өтті. Байқаудың шеңберінде студенттер трактор жүргізу және пневматикалық мылтықтан атудан өз шеберліктерін көрсетті. Бірінші орынды 12ТР-23 тобының студенті Ә. Сейтқазинов иеленді.
Апталық соңында өткізілген шараларға талдау жүргізіліп, жауапты тұлғаларға оң баға берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив